«Астана» УЕФА Конференция лигасының топтық кезеңіне жолдама алды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Елордалық клуб сырт алаңда албаниялық «Партизанимен» кездесті. Астанадағы алғашқы ойында алаң иелері 1:0 есебімен жеңген. Сондықтан қарымта матчта қазақстандық клубқа жеңілмеу жеткілікті болды.

Тиранадағы кездесудің бірінші таймында алаң иелері алға шықты. Дегенмен 46-минутта Марин Томасов гол соқты. Артынша екі команда да есепті өзгерте алмады.

Осылайша, «Астана» екі матч қорытындысы бойынша 2:1 есебімен жеңіп, Конференция лигасының топтық кезеңіне шықты.

Конференция лигасы. Плэй-офф кезеңі. Қарымта матч.

«Партизани» (Тирана, Албания) – «Астана» (Қазақстан) – 1:1 (1:0)

Голдар: Бинтсука (1:0), Томасов 46 (1:1)

Төреші: Битиген (Түркия)

31 тамыз. Тирана. «Эльбасан» стадионы.