Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев дзюдодан әлем чемпионы атанған Нұрлан Исатаевты қабылдады, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі.

Еске сала кетсек, Нұрлан Исатаев Хорватияның Загреб қаласында өткен кадеттер арасында дзюдодан әлем чемпионатында алтын медаль еншіледі. Облыс әкімі жас спортшының бұдан да биік белестерді бағындыратынына сенім білдірді.