Сегіз салмақта әлемнің бұрынғы чемпионы Мэнни Пакьяо 2024 жылы Парижде өтетін Олимпиада ойындарына қатысуға өтініш білдірді.

Боксшының командасы Филиппин Олимпиада комитетіне өтінішхат жазған. Қазір бұл мәселе мемлекет деңгейінде талқылануда.

Пакьяо Қытайда өтетін Азиада ойындарына қатыса алмайды. Өйткені турнир регламенті бойынша 40 жастан асқан спортшылар қатыса алмайды. Сондықтан ол келесі жылы өтетін Италия мен Таиландтағы іріктеу жарысында бақ сынауы мүмкін.