Жартылай ауыр салмақтағы WBA тұжырымы бойынша қазіргі әлем чемпионы Дмитрий Бивол спорттан қай жаста кетуді жоспарлап отырғанын айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

32 жастағы Бивол кәсіпқой боксқа 2014 жылы қадам басқан. Мансабында 21 жекпе-жек өткізіп, барлығында жеңіске жеткен.

«40 жаста бокста болмаймын. Бұл анық. Бірақ шынымды айтсам, нақты мына жаста аяқтаймын деген жоспарым жоқ. Маған чемпиондық белбеулер керек», - деді Бивол.

Бивол кейінгі жекпе-жегінде 2022 жылы күзде мексикалық боксшы Гилберто Рамиресті жеңді.