«Барыс» хоккей клубы қорғаушы Кирилл Никитин және қақпашы Юргис Дубинскаспен келісімшарт жасасқанын ресми түрде жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі астаналық команданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

«Никитин өткен маусымды «Номад» клубында өткізіп, Қазан қаласында өткен маусым алдындағы турнир алдында негізгі құрамға қосылды. «Барыс» жейдесінде Никитин Омбыдағы Блинов кубогында бір матч өткізді.

Дубинскас өткен маусымды «Снежные Барсы» сапында өткізді. Ересектер арасындағы Қазақстан чемпионатында қақпашы 22 матч өткізді», - делінген клуб хабарламасында.