«Бешикташ» президенті Ахмет Нұр Чеби қазақстандық жартылай қорғаушы Бактиер Зайнутдиновпен келісім шартқа отырғаннан қойғаннан кейін оның басты ерекшелігін атап өтті, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Түркі мемлекеттерінде тұратын халықтар бұл трансферге қатты қуанды. Ол кез келген позицияны жаба алады», - деп келтіреді Чебидің сөзін TV100.

Еске салайық, 21 тамызда Мәскеудің ЦСКА клубы Бактияр Зайнутдиновтың түрік «Бешикташына» ауысқанын ресми түрде жариялаған болатын. Бұған дейін БАҚ түрік клубы мәскеулік ЦСКА ойыншысы үшін 5 миллион еуро төлегенін және келесі трансфердің 15 пайызын төлеуі керек екенін хабарлаған.

24 тамызда Бактияр Зайнутдинов Стамбул клубы сапында дебюттік голын соқты. Бұл Киевтің «Динамосымен» Конференция лигасының іріктеу матчында болды. «Бешикташ» 3-2 есебімен жеңіске жетті.