16-24 қыркүйекте Сербия астанасы Белградта ересектер арасында күрес түрлерінен өтетін әлем чемпионатына баратын Қазақстан құрамасы анықталды.

Қазақстан күрес федерациясынан мәлім еткеніндей, 2024 жылғы олимпиада қарсаңындағы алғашқы лицензиялық турнирде грек-рим күресінен қазақстандық балуандар барлық тоғыз салмақ дәрежесінде бақ сынайды.

Олардың арасында әлем біріншілігінің бірнеше дүркін жүлдегері, 35 жастағы Алмас Кебіспаев бар.

Сонымен, грек-рим күресінен мына спортшылар ел намысын қорғамақ:

Марлан Мұқашев (55 кг),

Олжас Сұлтан (60 кг),

Мұхамедали Мамырбек (63 кг),

Алмат Кебіспаев (67 кг),

Ибрагим Магомадов (72 кг),

Демеу Жадыраев (77 кг),

Диас Қален (82 кг),

Нұрсұлтан Тұрсынов (87 кг),

Олжас Сырлыбай (97 кг),

Әлімхан Сыздықов (130 кг).

Сонымен қатар осы чемпионатқа Қазақстан әйелдер құрамасы да толық құраммен бармақ:

Марал Тәңірбергенова (50 кг),

Алтын Шағаева (53 кг),

Марина Седнева (55 кг),

Айнұр Әшімова (57 кг),

Диана Каюмова (59 кг),

Ирина Кузнецова (62 кг),

Ирина Казюлина (65 кг),

Елена Шалыгина (68 кг),

Жәмила Бақбергенова (72 кг),

Іңкәр Жаңатаева (76 кг).