«Тобыл» футбол клубы «Викторияға» (Пльзен, Чехия) қарсы қарсы матч алдында ЕАЭО елдерінен келген легионерлердің виза мәселесі жайлы мәлімдеме жасады, деп жазады Prosports.kz.

«Виза алынды«Тобыл» ойыншылары Иван Коновалов, Павел Киреенко, Альберт Габараев және Павел Забелин және фитнес-бапкер Евгений Кресик Шенген визаларын алды.Жақын арада футболшылар Чехияның Пльзень қаласына келіп, командаға қосылады.31 тамызда қостанайлықтар Конференция лигасының плей-офф кезеңі аясында «Викторияға» қарсы матч өткізеді», - деп жазды клубтың баспасөз қызметі.