Түрік журналисі Илкер Дуралы қазақстандық жартылай қорғаушы Бактияр Зайнутдиновтің «Бешикташ» сапындағы позициясы туралы айтты, деп жазады Prosports.kz.

- Зайнутдинов кездесуді сол қапталдағы қорғаушы ретінде бастады, бірақ мен үшін ол ойынды алаңның ортасында ұйымдастыратын жартылай қорғаушыға көбірек ұқсайды. Сонда ол басқа міндеттермен айналыспайды. Менің ойымша, ол алаң ортасында өзін жақсы сезінеді әрі онда қалай ойнау керегін біледі. Екі-үш матч күтейік, – деді маман.

Айта кетейік, Бактиёр Зайнутдинов «Бешикташ» сапындағы алғашқы ойынын Конференция лигасының плей-офф кезеңінде Киевтің «Динамосына» қарсы өткізді, кездесудің 90+5-минутында жеңіс голын соқты.