Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Тайландтың Накхон Си Таммарат қаласында өтіп жатқан ITF жұптық турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ломакин америкалық спортшы Гейдж Браймермен үнді-тай Нитин-Кумар Синха – Вишая Трончароенчайкул дуэті жұптасып, екі сетте 6:7, 4:6 есебімен жеңілді.

Бұл ойын Тайландтағы турнирдің 1/8 финалы кезеңінде өтті. Бұған дейін Ломакин жекелей сында Накхон Си Таммаратта өткен турнирдің жеңімпазы атанған болатын.

Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық қазіргі уақытта ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 322-орында тұр.