Көкшетаулық «Оқжетпес» клубтың жаңа бас бапкері туралы ресми мәлімдеме жасады, деп хабарлайды Prosports.kz

«Оқжетпес ФК бас бапкері болып Андрей Ферапонтов тағайындалды.

Бапкердің көмекшісі болып Богатырев Вячеслав Магомедович тағайындалды», - деп хабарлады «Оқжетпес» баспасөз қызметі.

Айта кетейік, Ферапонтов бұған дейін команданың жаттықтырушылар штабында болған. Маман «Атакенттік Мақтааралдың» бас бапкері қызметін де атқарған.