Танымал файтер Шавкат Рахмоновтың қарындасы Сора Рахмонова маңызды жекпе-жекке дайындалу үшін АҚШ-қа кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

26 қыркүйекте Лас-Вегаста өтетін Dana White Candidates турнирінде Сора UFC ұйымымен келісімшартқа отыру құқығы үшін төбелеседі. Қазақстандықтың қарсыласы латвиялық Эрнеста Карецкайте (4-0-1) болады.

Dar Pro Team Instagram аккаунтында Сора Рахмонованың Майамиге келгенін, ол Kill Cliff FC жаттығу залында жекпе-жекке дайындалатынын хабарлады.

Фото: instagram/naizadai