«Атыраудың» 17 жастағы қақпашысы Дулат Талыспаев даниялық «Кеге» клубының ойыншысы атанды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Жас және талантты Талыспаев биылғы маусымда «Атырау» сапында сәтті өнер көрсетті.Ол «QJ League» жастар чемпионатында «мұнайшылар» қатарында 8 ойын өткізіп, 41 сейв жасады.

Айта кетейік, даниялық клуб жеті турдан кейін 7 ұпаймен 9-орында келеді.