«Қайрат» жартылай қорғаушысы Антон Крачковский Prosports.kz тілшісіне берген эксклюзивті сұхбатында «Астанаға» қарсы ойын туралы пікір білдірді.

– Антон, жеңіс құтты болсын. Ойын жайлы не айтасыз?

– Құттықтауларыңызға рақмет! Эмоциямызды айтып жеткізу мүмкін емес, керемет ойын өткіздік. Қарсылас өте мықты. Жақсы ойын болды, бастысы жеңіске жеттік.

– Бірінші таймда «Қайрат» көп мүмкіндік жасады, бірақ гол соғылмады. Не кедергі болды деп ойлайсыз?

– Бірінші таймда да, екінші таймда да қауіпті шабуылдар жасадық. Иә, оның бәрін нәтижелі аяқтау мүмкін болмады, бірақ Құдайға шүкір, үш ұпайды алдық – бұл біз үшін ең маңыздысы.

– Ауа-райы ойынға әсер еткені анық. Жаңбыр жаумаса, гол көп соғылар ма еді?

– Білмеймін, барлығына ауа-райы ұнаған сияқты - нағыз футбол ойнайтын ауа-райы. Біздің міндетіміз қандай ауа-райы болса да жақсы өнер көрсету.

– Қателеспесем, «Астананы» жеңгеннен кейін «Қайрат» төртінші орынға көтерілді («Қайрат» қазір бесінші орында тұр – Prosports.kz ескертпесі). Еурокубокқа жолдама алу мақсаты бар ма?

– Иә, чемпионатта үшінші орынды алып, еуропалық жарыстарға қатысқымыз келеді. Осы мақсатқа жету үшін күш саламыз.