Футболдан Қазақстан құрамасының тізімінде өзгеріс болды, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.«Астанан» қорғаушысы Михаил Габышев жарақатына байланысты алдағы ойындарға қатыса алмайды.Оның орнын қостанайлық «Тобыл» командасында ойнайтын Бағдат Қайыров шақырту алды.