Бүгін «Реневи туры» көпкүндік веложарысының соңғы кезеңі аяқталды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Астананың» велокомандасының италиялық шабандозы Давиде Мартинелли жарыстың соңғы кезеңінде 81-орын алды.

Финалдық кезеңнің жеңімпазы Bahrain – Victorious командасында өнер көрсететін словениялық шабандоз Матей Мохорич болды, UAE Team Emirates велошабандозы италиялық Маттео Трентин мәреге екінші болып келді. Үздік үштікті Alpecin-Deceuninck командасынан Серен Краг Андерсен түйіндеді.

«Реневи туры». Бесінші кезең. Римст - Бильзен (187,3 км)

1. Матей Мохорич (Bahrain – Victorious) - 4:07:002. Маттео Трентин (UAE Team Emirates) +,,3. Серен Краг Андерсен (Alpecin-Deceuninck) +,,…81. Давиде Мартинелли («Астана») + 4:30

Жалпы есеп:

1. Тим Велленс (UAE Team Emirates) - 15:51:522. Флориан Вермеерш (Lotto Dstny) + 0:233. Ив Лампарт (Soudal - Quick Step) +,,…57. Джанни Москон («Астана») + 9:20.