Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Накхонситхаммаратта (Таиланд) өткен ITF турнирінің чемпионы атанды, деп хабарлайды Zakon.kz.
Дүниежүзілік рейтингте 1057-орында тұрған Ломакин финалда әлемнің 680-інші, доданың 3-ракеткасы болып табылатын жергілікті теннисші Касидит Самреймен бас жүлдені сарапқа салды. Қарсыласын жеңуі мүмкін емес деп топшылағанған додада жерлесіміз сенcация жасады.

Үш сет бойында: 7:6, 4:6, 6:3 есебімен ол қарсыласынан басым түсіп, чемпиондық атақты жұлып алды.