Бүгін футболдан премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 21-турының алғашқы ойын күні аяқталды.

Бүгін сағат 17:00-де «Оқжетпес» пен «Каспий» 3:3 есебіне қанағат білдірді.

Кездесу барысынла көкшетаулық клубтан Санат Жұмаханов 15, Срджан Дмитров 22, 81-минутта мергендік танытса, оған ақтаулық командадан Данияр Үсенов 44, 69, Георгий Бугулов 53-минутта үш голмен жауап қайырды.

Көш соңында келе жатқан «Мақтаарал» ұпай қорын молайтуға күш салып келеді. Бүгін «Шахтер» кездесуінде олардың қатарынан Әділхан Добай 5, Тоқтар Жаңғылышбай 7, Билал Себаихи 34-минутта гол соқты. Қарағандылық команда ойыншысы Темур Чогадзе 27-минутта көздеген нысанадан мүлт кеткен жоқ.

Осылайша «Мақтаарал» қарсыласынан 3:1 есебімен басым түсіп, турнир кестесінде 11-орынға көтерілді.

Ал «Қайсар» мен «Жетісу» кездесуінде

Ойынның бірінші кезеңінде 36-минутта қызылордалық клубтан Дмитрий Бородин пенальтиден мүлт кеткен жоқ.

Екінші кезеңнің 52-минутында «Жетісу» сапынан Никола Цурчич таразы басын теңестірді.

Командалар 1:1 есебіне қанағат білдірді.

Енді 27 тамызда «Қызылжар» мен «Ақсу», «Қайрат» пен «Астана», «Атырау» мен «Ақтөбе», «Тобыл» мен «Ордабасы» ойнайды.

Айта кетсек, қазірге дейін көш басында 48 ұпаймен «Ордабасы» келеді. Одан кейінгі орындардағы «Ақтөбе» мен «Астананың» еншісінде 40 ұпайдан бар.