Vuelta a España көпкүндік веложарысы бөлек стартпен командалық жарыспен басталды, деп хабарлайды Sports.kz.

Жарыста «dsm-firmenich» командасы жеңіске жетті. Екінші орын Movistar компаниясына бұйырды. Үздік үштікті «EF Education-EasyPost» жапты.

Құрамында Давид Де ла Круз, Джо Домбровски, Вадим Пронский, Хавьер Ромо, Луис Леон Санчес, Самуэль Баттистелла, Фабио Феллин және Андрей Зейц бар «Астана» велокомандасы 22 ұжым арасында жетінші болып мәреге жетті.