Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов Талсада (АҚШ) өткен бокс кешінде қарсыласын нокаутқа түсірді, деп хабарлайды Prosports.kz.
Қазақстандықтың қарсыласы никарагуалық Уистон Кампос болды. Бұл жекпе-жек жартылай орта салмақта өтті және сегіз раундқа есептелген. Қазақ спортшысы бесінші раундта техникалық нокаутпен жеңді.
Осылайша Абылайхан Жүсіпов кәсіпқой мансабындағы төртінші жеңісіне қол жеткізді.
Комментарии