FORZE ұжымы CS:GO-дан PARI Dunav Party LAN турнирінің B тобындағы матчта Eternal Fire командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:0 (Inferno-да 16:14, Mirage-да 16:5) есебімен аяқталды. Озгюр woxic Экердің құрамы соңғы орын алып, турнирдегі өнерін аяқтады.

Dunav Party LAN турнирі 24-27 тамыз аралығында Сербияда өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 50 мың доллар құрайды.