«Тобыл» мен Қазақстан құрамасының жартылай қорғаушысы Рамазан Оразов Словенияға ұшып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-ratings.kz-ке сілтеме жасап.

Ойыншының трансфері дүйсенбі күні ресми жарияланады

Айта кетейік, бұған дейін ойыншы Словенияның жоғары лигасында бақ сынайтын «Коперге» ауысқаны хабарланған. Қазақстандық ойыншы жаңа командасымен екі жылдық келісімшартқа қол қояды.

Айта кетейік, Рамазан Оразов қостанайлық команда сапында 24 матчқа қатысып, үш гол соқты. «Қайрат» түлегі бұған дейін «Ақсу», «Ақтөбе», сондай-ақ латвиялық «Даугавплис», ресейлік «Чайка» командаларында өнер көрсеткен.