BetBoom Team командасы CS:GO бойынша IEM Sydney 2023 турнирінің іріктеуіндегі соңғы ойында 9INE ұжымын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Матч 2:1 есебімен (Ancient - 14:16, Mirage - 16:7, Anubis - 16:11). Владислав nafany Горшков командасы турнирге жолдама алды.

Айта кетейік, IEM Sydney 2023 турнирі 16-22 қазан аралығында Аустралияда өтеді. Жалпы жүлде қоры 250 мың доллар.