Қазақстандық боксшы Жан Кособуцкий (19-0, 18 КО) мен нигериялық Эфе Ажаягба (17-1, 13 КО) жекпе-жек алдында салмақ өлшеді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кособуцкийдің салмағы 234,4 фунт (106,3 келі) болды. Салмақ өлшеуден кейін боксшылар дәстүрлі көз түйістіру рәсіміне қатысты.

Айта кетейік, Жан Кособуцкий мен Эфе Аджагба Талеседегі (АҚШ, Оклахома) бокс кешінде жұдырықтасады. Бұл жекпе-жек 27 тамыз, жексенбі күні таңертең өтеді, оны «Хабар» телеарнасы тікелей эфирде көрсетеді. Кездесу Астана уақытымен 08:00-де басталады.