Қазақстандық боксшы Ангелина Лукас (4-0, 2 КО) Стамбулда (Түркия) өткен бокс кешінде өнер көрсетті, деп хабарлайды Prosports.kz.
Отандасымыз Танзания өкілі Стумаи Мукимен кездесті. Жеңіл салмақтағы жекпе-жек он раундқа есептелген. Лукастың UBO әлем чемпионы атағы сарапқа салынды. Жекпе-жек толық он раундқа жалғасып, Лукас төрешілер шешімімен жеңіске жетті.
Осылайша, Ангелина Лукас кәсіпқой мансабындағы бесінші жеңісіне қол жеткізді.
Комментарии