26 тамызда Вроцлав қаласында (Польша) бокс кешінде негізгі жекпе-жек өтеді, онда украиналық Александр Усик (20-0, 13 КО) мен британдық Даниэль Дюбуа (19-1, 18 КО) кездеседі, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ауыр салмақтағы WBA, WBO және IBF титулдарына бәске тігіледі.

Бұған дейін боксшылар салмақ өлшеу рәсімінен өткен. Екі спортшы да ауыр салмақ дәрежесінің шегінен өтті.

Тікелей эфир Астана уақытымен 22:00-де басталып, Qazsport телеарнасында көрсетіледі.