Қазақстан жастар құрамасының аға бапкері Қайрат Нұрдәулетов 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінде Мажарстан және Бельгияға қарсы өтетін ойындарға шақырту алаған ойыншылар тізімін жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz сайты ҚФФ-ға сілтеме жасап.

Қыркүйек айында жастар құрамасы 2025 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирін бастайды. Еске сала кетейік, Қазақстан U-21 құрамасы "В" тобында Испания, Бельгия, Шотландия, Мажарстан және Мальта құрамаларымен бір топқа түсті.

Қайрат Нұрдәулетов шәкірттері алғашқы ойынды 7 қыркүйек күні сырт алаңда Мажарстанмен өткізеді. Матч Сегед қаласының "Грошич Академиясында" болады. Кездесу Астана уақытымен 21:45-те басталады.

Екінші матчты Қазақстан U-21 құрамасы қыркүйектің 11-нен 12-не қараған түні Бельгияға қарсы ойнайды. Ойын Левен қаласында «Ден Дриф» стадионында өтеді. Матч елорда уақытымен 00:00-де басталады.

Команданың оқу-жаттығу жиыны 31 тамызда Алматыда басталады. Тізімге 23 футболшы енді.

Қақпашылар: Темірлан Анарбеков («Қайрат»), Никита Пивкин («Елімай»), Данила Карпиков («Шахтер»);

Қорғаушылар: Әділбек Жұмаханов, Ерсұлтан Қалдыбеков (екеуі де – «Атырау»), Александр Широбоков, Сұлтан Асқаров, Лев Кургин, Александр Мрынский, Егор Ткаченко (барлығы – «Қайрат»), Әділхан Добай («Мақтараал»);

Жартылай қорғаушылар: Ален Айманов («Елімай»), Нұрғайни Бөрібаев («Тұран»), Мейрамбек Қалмырза («Оқжетпес»), Әділет Садыбеков («Қайрат»), Давид Есімбеков («Жетісу»), Абылайхан Назымханов, Айбар Абдулла (екеуі де – «Шахтер»), Нұрәли Жақсылық («Астана»), Бейбіт Ғалым («Тобыл»);

Шабуылшылар: Иван Свиридов («Шахтер»), Денис Митрофанов («Ислочь», Беларусь), Ян Труфанов («Қайрат»)

Жаттықтырушылар штабы: Қайрат Нұрдәулетов – аға бапкер, Асқар Ыдырысов – аға бапкердің көмекшісі, Нұрбол Жұмасқалиев – аға бапкердің көмекшісі, Юрий Новиков – қақпашылардың жаттықтырушысы.