Қазақстандық боксшы Жәнібек Әлімханұлы бапкерін ауыстырды, деп хабарлайды Prosports.kz.

WBO чемпионы АҚШ-тағы кәсіпқой мансабында Артуро Гатти, Майк Тайсон, Сергей Ковалев сынды боксшылармен жұмыс істеген Бадди Макгирттің жетекшілігімен жаттықты.

Америкалық маман Брайан Вилория Жәнібектің жаңа бапкері болды. 42 жастағы Вилория - әуесқой бокстан 1999 жылғы әлем чемпионы және ең жеңіл салмақта кәсіпқой бокста әлем чемпионы болған.

Вилория мансабын 2018 жылы аяқтап, бапкерлікке бет бұрды. Брайанның қазірге дейінгі ең танымал боксшысы - бұрынғы әлем чемпионы Марк Магсайо.