«Астана» Кенференция лигасының плей-офф кезеңінде өз алаңында албаниялық «Партизаниге» 1:0 есебімен жеңді, деп жазады Prosports.kz.

Осы кездесуде елордалық клубтың қорғаушсы Абзал Бейсебеков еурокубоктағы 65-матчын өткізді.

30 жастағы ойыншы еурокубоктағы алғашқы матчын 2013 жылы 4 шілдеде Астанада болгариялық «Ботевке» қарсы (0:1) өткізген. Ол астаналық команда сапында еурокубокта 65 матчтқа қатысып, 3 гол соқты.

Ал еурокубокта ең көп ойын өткізген қазақстандық футболшы – Дмитрий Шомко (77 кездесу).