Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатына іріктеу турнирі аясында өтетін Қазақстан – Финляндия матчының барлық билеті сатылып кетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 7 қыркүйекте «Астана Аренада» өтеді.

Қазақстан құрамасы 4 турдан кейін 9 ұпай жинап, Н тобында екінші орында тұр.

10 қыркүйекте ұлттық құрама Солтүстік Ирландиямен кездеседі.