Ханчжоуда өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын бокстан көптен күткен Қазақстан ерлер құрамасы белгілі болды.

Мырзағали Айтжановтың бапкерлер штабы Қытай рингіне мықтының мықтысын алып шығады. Олардың кейбіреулері Ташкентте өткен біз үшін тарихи әлем чемпионатынан кейін, басқалары Астана-2023 халықаралық Elorda Cup турнирінің қорытындысы бойынша бәсекеге қатысуға мүмкіндік алды.