Шымкенттік «Қыран» футболдан Қазақстан Бірінші лигасы 21-туры аясындағы матчтың соңғы минуттарында «Жас-Қыраннан» жеңісті жұлып әкетті, деп хабарлайды Prosports.kz.

Бірінші лига. 21-тур.

«Қыран» - «Жас-Қыран» 3:2

Голдар: 12 Рахматуллаев (1:1), 77 Увалиев (2:2), 90+6 Серікжан (3:2) («Қыран») – 7 Әлімжан (0:1), 40 Ағзамбаев (1:2) («Жас-Қыран»).

24 тамыз 2024. Шымкент. «БИІК» стадионы.

Бұл жеңіс шымкенттіктерге Бірінші лиганың турнирлік кестесінде 4-орынға көтерілуге ​​көмектесті. Қазір «Қыранның» еншісінде 20 ойында 34 ұпай бар. «Жас-Қыран» 8-орынға жайғасты, клуб еншісінде 20 матчта 26 ұпай бар.

Фото: «Қыран» баспасөз қызметінен