Aurora Gaming CS:GO-дан Dunav Party LAN турнирінің А тобында 9 Pandas командасын жеңді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Кездесу 2:0 (Overpass-та 19:15 және Nuke-де 16:13) есебімен аяқталды. Қазақстандық Виктор Лак1 Болдыревтің командасы үш ұпай еншіледі.

Dunav Party LAN турнирі 24-27 тамыз аралығында Сербияда өтіп жатыр. Жалпы жүлде қоры 50 мың доллар құрайды.