36 жастағы қазақстандық теннисші Александр Недовесов Уинстон-Салемдегі турнирдің жұптық сынында жартылай финалға өте алмады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Эквадорлық Гонсало Эскобармен бірге өнер көрсеткен отандасымыз ширек финалда Х.Нис (Франция)/Я.Зелински (Польша) жұбынан жеңіліп қалды - 3:6, 3:6.

Айта кетейік, кездесу 1 сағат 11 минутқа созылды.