Қазақстандық теннисші Жібек Құламбаева Польшаның Быдгощ қаласында ITF сериясының турнирінде жекелей сында дебюттік кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Қазақстандық теннисші словакиялық спортшы Наталья Слабамен кездесу өткізіп, екі сетте 6:2, 6:2 жалпы есебімен сенімді жеңіске жетті.

Бұл кездесу турнирдің 1/16 финалы кезеңінде өтті. Келесі кездесуде қазақстандық тағы бір словакиялық спортшы Катарина Кузмоваға қарсы ойнайды.

Айта кетейік, қазіргі уақытта 23 жастағы Құламбаева WTA (Әйелдер теннис қауымдастығы) рейтингінде 442-ші орында.