Футболдан 2024 жылғы Еуропа чемпионатының іріктеу турнирінің алдағы ойындарына Қазақстан құрамасының соңғы құрамы белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Соңғы құрамда Бауыржан Исламхан жоқ. ҚПЛ аясында «Қайратқа» қарсы өткен соңғы ойында Исламхан жарақат алып қалды. 33 ойыншының тізімі 26-ға қысқарды – Исламханмен бірге «Қайрат» қақпашысы Данил Устименко, «Тобылдың» қорғаушылары Бағдат Қайыров пен Роман Асранқұлов, «Тобылдың» жартылай қорғаушысы Ислам Чесноков және «Шахтер» шабуылшысы Иван Свиридов тізімнен шығып қалды.

Соңғы бекітілген құрам:

Қақпашылар: Игорь Шацкий («Шахтер»), Бекхан Шайзада («Ордабасы»), Александр Заруцкий («Астана»);

Қорғаушылар: Сергей Малый, Темірлан Ерланов (екеуі де «Ордабасы»), Александр Марочкин, Михаил Габышев, Тимур Досмағамбетов, Ян Вороговский (барлығы – «Астана»), Нұралы Әліп («Зенит», Ресей), Еркін Тапалов («Қызылжар»), Лев Скворцов («Химки», Ресей), ); Марат Быстров (Ахмат, Ресей), Әлібек Қасым (Ақтөбе);

Жартылай қорғаушылар: Асхат Тағыберген («Ордабасы»), Максим Самородов («Ақтөбе»), Бактиер Зайнутдинов («Бешикташ», Түркия), Аслан Дарабаев, Елхан Астанов, Исламбек Қуат, Абзал Бейсебеков, Владислав Прокопенко (барлығы – «Астана»), Рамазан Оразов («Тобыл»);

Шабуылшылар: Абат Айымбетов («Астана»), Вячеслав Швырев («Қайрат»), Рамазан Каримов («Мақтаарал»).

7 қыркүйекте Магомед Адиев шәкірттері Финляндиямен ойнаса, 10 қыркүйекте Солтүстік Ирландиямен кездеседі.