Көкшетаулық «Оқжетпес» 29 жастағы босниялық шабуылшы Бенджамин Татармен келісімшартқа отырғанын хабарлады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ойыншы көкшетаулық клубқа еркін агент ретінде ауысты. Ол «Оқжетпес» сапында 94-ші нөмірмен ойнайды.

Еңбек шарты 2023 жылдың соңына дейін есептелген.

Футболшы мансабында 178 матчқа қатысып, 62 гол соққан және 20 нәтижелі пас берген.

Сондай-ақ ол Босния және Герцеговина құрамасында 4 матч өткізген.