«Трабзонспор» бас бапкері Эмра Ток қазақстандық қорғаушы Нұралы Әліп түркиялық клубқа ауысуы мүмкін деген ақпаратқа қатысты пікірін білдірді, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі Sport24.ru сайтына сілтеме жасап.

«Әліпке «Трабзонспор» қызығушылық танытып жатыр деген ақпарат жалған», — деді Ток.Бұған дейін Sports Digitale басылымы «Зенит» қорғаушысы Әліп карьерасын Түркия чемпионатында, дәлірек айтсақ, «Трабзонспор» не «Истанбул Башакшехир» сапында жалғастыруы мүмкін екенін жазған еді.