Қазақстан бокс федерациясы Ханчжоуда өтетін жазғы Азия ойындарына қатысатын бокстан Қазақстан әйелдер құрамасын жариялады, деп хабарлайды Prosports.kz тілшісі ведомство баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазғы Азия ойындарында бокстан Париж Олимпиадасының лицензиялары сарапқа салынады. Құрлық додасы Қытайдың Ханчжоу қаласында өтеді. Әйелдер арасындағы бокс турнирінде алты салмақ бойынша медальдар таласқа түседі.

Қазақстан әйелдер құрамасы мынадай:

51 келі: Назым Қызайбай

54 келі: Жайна Шекербекова

57 келі: Карина Ибрагимова

60 келі: Римма Волосенко

66 келі: Наталья Богданова

75 келі: Валентина Хальзова