UFC-дің жартылай орта салмақтағы рейтингі жаңарды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Америкалық Нил Мэгниді жеңгеннен кейін ирландиялық Иэн Мачадо Гэрри 11-орынға көтерілді. Мэгни мен Кевин Холланд бір сатыға төмендеді. Ал қазақстандық Шавкат Рахмонов алтыншы орында қалды.

Рейтингтің көш басында Камару Усман, Колби Ковингтон мен Белал Мухаммад тұр. Ал бұл салмақта чемпиондық белбеу Леон Эдвардсқа тиесілі.