«Атыраудың» 27 жастағы жартылай қорғаушысы солтүстік македониялық Демир Имери алдағы 21-турдың «Ақтөбеге» қарсы ойынына шықпайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

20-турдағы «Ақсуға» қарсы ойында (1:4) Демир Имери маусымдағы төртінші болып сары қағаз алды. Ол алдағы уақытта «Ақтөбемен» өтетін матчты жіберіп алуы керек.

Жалпы, Демир Имери ағымдағы чемпионатта 20 кездесу өткізіп, 2 гол соққан.