«Ақтөбе» футбол клубының спорт директоры қызметіне ең ықтимал үміткер белгілі болды, деп хабарлайды Prosports.kz.

«Кейбір мәліметтер бойынша, Бақыт Қызылбаев «Ақтөбе» ФК спорт директоры болып тағайындалады. Бұған дейін «Ақтөбе», «Ақтөбе-Ленто», «Қайрат», «Тараз», «Қайсар», «Семей» футбол клубтарында өнер көрсеткен. Ойындық мансабының соңында Қызылбаев төреші болып жұмыс істеді. ҚПЛ матчтарына төрелік етті. Биылдан бастап ол инспекцияға ауысты », - деп жазды «Серый CARDINAL».телеграмм каналы.

Айта кетейік, ақтөбеліктер румыниялық «Сепсимен» екі матчтық кездесуде (1:1, 0:1) жеңілістің дәмін татып, Конференциялар лигасынан шығып қалды.