Қазақстандық теннисші Михаил Кукушкин Нью-Йоркте өтіп жатқан АҚШ ашық чемпионатында алғашқы іріктеу кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Отандасымыз италиялық теннисші Маттиа Беллуччимен кездесіп, екі сетте 6:4, 7:6 есебімен жеңіске жетті. Кездесу бір сағат 55 минутқа созылды.

Кукушкин ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жекелей сында 243-орында тұр.