Жақында «Бешикташқа» ауысқан Бактиёр Зайнутдиновтің агені Евгений Новиков келісімшарт талаптары туралы толығырақ айтып берді, деп жазады Prosports.kz.

«Зайнутдиновтің «Бешикташпен» келісімшартында топ-5 чемпионаттан ұсыныс түссе, оны сатады деген тармақ бар. Еуропада оған қызығып жүрген клубтар бар. Ол алаңдағы бірнеше позицияда ойнай алады», – деп келтіреді Новиковтің сөзін Metaratings порталы.

Айта кетейік, 25 жастағы тараздық футболшы жаңа клубымен төрт маусымға келісімшартқа отырды. Оған дейін үш жыл ЦСКА сапында ойнады.