Қазақстан құрамасының бас бапкері Магомед Адиев ұлттық құрамаға футболшы іріктеу параметрін айтты, деп хабарлайды Prosports.kz сайты Meta-Ratings.kz-ке сілтеме жасап.

«Бұған дейін Қазақстандағы әрбір футболшы ұлттық құрамаға үміткер болатын. Мен мұны түсінбеймін. Мен үшін үміткер — белгілі бір деңгейге сай келетін адам. Әйтпесе, ұлттық құрама ойыншысының мәртебесі түсіп кетеді. Сонымен бірге әр оқу-жаттығу жиынына танысу үшін үш-төрт жаңа ойыншы шақырамыз», - деді Адиев.

Айта кетейік, бүгін Еуропа чемпионатына іріктеу ойындарына қатысатын ұлттық құраманың кеңейтілген тізімі жарияланды.