«Виктория» шабуылшысы Томаш Хорий Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі «Тобылға» қарсы бірінші матч туралы айтты, деп хабарлайды Prosports.kz.

— Өте тартысты матч күтемін. Олардың Солтүстік Ирландияның «Дерри Сити» командасына қарсы ойынын көрдік. Олар әр допқа таласып, агрессивті ойнайды. Олардың құрамында сербтер жеткілікті. Бұл бізге ыңғайсыз болады, бірақ біз одан қаймықпауымыз қажет. Олар қапталмен жылдам шабуыл жасайды - әсіресе Вукадинович. Бірақ мен көбіне өзіміз туралы айтқым келеді. Өзімізді жақсы сезінеміз, жеңісті жолымызды жалғағымыз келеді, — дейді Хорый.

Айта кетейік, «Тобыл» мен «Виктория» командаларының алғашқы кездесуі 24 тамызда Қостанайда өтеді.