Албаниялық «Партизани» Конференция Лигасының плей-офф раундында «Астанамен» алғашқы ойынға қатысу өтініміне шабуылшы Виктор да Сильваны қоспады, деп хабарлайды Prosports.kz.

Албания чемпионатының соңғы маусымындағы «Партизанның» үздік бомбардирі тәртіптік жазаға байланысты еурокубок матчындағы құрамға тағы да енгізілмеді.

Өйткені, да Сильва команданың бас бапкері Зоран Зекичпен жанжалдасып қалған. Вальмиерамен өткен бірінші ойыннан кейін Зекич бүкіл команданы алаңды айналып жүгіруге мәжбүрледі, бірақ кездесу соңында қосалқы құраммен шыққан Сильва бас тартты. Нәтижесінде бразилиялық негізгі құрамдағы матчтардан шеттетілді. Албаниялық БАҚ-тың хабарлауынша, Виктор да Сильва жақын арада клубтан кетеді.