Қазақстандық теннисші Григорий Ломакин Таиландтың Накхон Си Таммарат қаласында өтіп жатқан ITF жекелей сериясының қиын турнирінде алғашқы кездесуін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Ломакин жергілікті теннисші Сиванат Аютаякулға қарсы ойнап, екі сетте 7:6, 6:4 жалпы есебімен жеңіске жетті.

Бұл кездесу тай турнирінің 1/16 финалы кезеңінде өтті. Келесі ойында қазақстандық спортшы Малайзия өкілі Мицуки Вей Канг Леонгпен ойнайды.

Айта кетейік, 25 жастағы қазақстандық спортшы бүгінде ATP (Кәсіпқой теннисшілер қауымдастығы) әлемдік рейтингінде жұптық сайыста 1057-ші орында тұр.