23 жастағы қазақстандық жартылай қорғаушы Ислам Чесноков УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі чехиялық «Викторияға» қарсы екі ойынға да қатыса алмайды, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еске салайық, Ислам Чесноков 14 тамызда өткен Премьер-лиганың 19-туры аясындағы «Қайратқа» қарсы ойында (1:2) жарақат алған болатын. Одан кейін үзілістен кейін алаңға шығып, 78-минутта ауыстырылды.

Болжалды қалпына келтіру уақыты 3-4 апта.

Осылайша, Чесноков 24 және 31 тамызда өтетін УЕФА Конференция лигасының плей-офф кезеңіндегі чехиялық «Виктория Пльзенге» қарсы екі ойынға да қатыса алмайды.

Айта кетейік, 23 жастағы жартылай қорғаушы жарақатына қарамастан, Еуро-2024 іріктеу кезеңінің қыркүйек айындағы ойындарына Қазақстан құрамасының кеңейтілген құрамына енді. Соңғы тізім ертең белгілі болады.