Қазақстандық клубтар еуропалық додада мерейтойлық кездесулерін өткізді, деп хабарлайды Prosports.kz.

Еуропа лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта матчы «Лудогорец» - «Астана» (5:1) елордалық клуб үшін еурокубоктағы 90-шы ойын болды.

Конференция лигасының үшінші іріктеу кезеңінің қарымта ойыны «Ақтөбе» - «Сепси» (0:1) ақтөбелік клуб үшін еурокубоктағы 50-ші ойын болды.

Еуропалық жарыстарда ойнаған матчтар бойынша рекордсмен командалар:1. «Астана» - 90 матч;2. «Қайрат» – 54;3. «Ақтөбе» – 50;4. «Тобыл» – 46;5. «Шахтер» – 36;6. «Ертіс» – 18;7. «Ордабасы» – 17.